Accessibility links

К.Райс Бежинде адам құқықтары, интеллектуалдық меншік және валюта ережелері мәселелерін көтермекші


ВАШИНГТОН. Солтүстік Кореяны оның ядролық бағдарламасы бойынша 6 жақты келіссөзге қайта отырғызу мәселесімен кеңесу үшін Шығыс Азияның Қытай, Тайланд, Жапония және Оңтүстік Корея сынды елдеріне сапарға шыққан АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс бүгін Бежинге келіп жетті. Райс ханым Қытай басшылығымен ертең кездесуге тиіс. Ұшақта келе жатып журналистерге айтқан сөзінде К.Райс Қытай басшылығы алдында адам құқықтары, интеллектуалдық меншік және валюта тәртібі мәселелерін қозғайтынын мәлімдеді. Саясаттанушылардың ортақ пікірінше, мемлекеттік хатшының ең ауыр келіссөзі Бежинде өтетін тәрізді.
XS
SM
MD
LG