Accessibility links

Лондондағы бомбалар сағат механизмі арқылы жарылған


Лондон полициясы бейсенбі күні метродағы бомбалар сағат механизмі арқылы жарылған сияқты деген қортынды жасады. Үш бомба бірінен соң бірі бірнеше секундта жарылды, шабуылдарды жанкештілер атқармаса керек дейді полиция. Үш метро пойызында және қала орталығындағы автобуста жарылған бомбалардан 49 адам қаза тапқаны дәйектелді. Мүрделер қатты зақымдалғандықтан оларды тану мүмкін болмай отыр. Лондон полициясының өкілі Браян Паддик бомбалар қолдан емес, жоғары технологиямен жасалған, алайда олар қай түрдегі бомба екендерін әзірше білмейміз дейді. Бас министр Тонни Блейр шабуылдарды кім ұйымдастырғанын әлі білмей отырмыз, бұл "Әл Қаида" болуы мүмкін деді. Жауапкершілікті "Әл Қаида" атын жамылған үш ұйым мойындарына алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG