Accessibility links

Ирақтағы әл-Қаида ұйымы Халестегі шабуылдарды өз мойнына алды


БАҒДАД. Соңғы екі күн ішінде АҚШ күштері Ирақтың Тал Афар қаласында 14 көтерілісшіні өлтірген. Халес қаласына жақын жерде болған атыстар барысында 8 Ирақ жауынгері қаза болған. Қарулы топ оқ жаудырғаннан кейін атыстар жарты сағатқа созылған екен. Ирақтың қосымша күштері оқиға болған жерге жеткенде, көлікке қойылған бомба жарылып, одан бірнеше сарбаз жараланған. Ирақтағы әл-Қаида ұйымы Халестегі шабуылдарды өз мойнына алып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG