Accessibility links

Боснияда Сребреница қырғынының 10 жылдығы атап өтілді


СРЕБРЕНИЦА. Боснияда Сребреница қырғынының 10 жылдығын атап өту үшін мыңдаған адам жиналды. 1995 жылы шілде айында босниялық серб қарулы күштері Сребреницаға келіп, 8 мыңға жуық мұсылманды қырып өлтірген-ді. Дүйсенбі күні қала сыртындағы зиратқа мыңдаған адам жиналып, сонда құрбандарды еске алу рәсімі өтті. Аза тұту рәсіміне қатысқан жоғары лауазымды өкілдердің арасында Сербия президенті Борис Тадич және Хорватия президенті Стипе Месич те болды. Сол масқара қырғынды бастаған армияның екі басшысы Радован Карадзич пен Ратко Младич әлі күнге дейін бостандықта жүр. АҚШ мемлекеттік департаменті Младич пен Карадзичті қамауға алуға шақырды.
XS
SM
MD
LG