Accessibility links

Қырғызстанның жаңа президенті Қ.Бакиев: “Ауғанстандағы жағдай тұрақтанды, Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы мәселесін қайта қарап шығуға уақыт келді”


БІШКЕК. Қырғызстанның жаңадан сайланған президенті Құрманбек Бакиевтің мәлімдеуінше, халықаралық бақылаушылар жексенбі күні өткен президент сайлауына жоғары баға берген. Сайлаудан кеін баспасөз маслихатында сөйлеген сөзінде Бакиев Қырғызстан халқы демократияны қолдап дауыс берді деді. Ол сондай-ақ жақын арада елдің премьер-министрі лауазымына Феликс Куловтың кандидатурасын ұсынатынын айтты. Сонымен қатар Бакиев Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы жөнінде де сөз қозғады. Ауғанстандағы жағдай тұрақтанды, Қырғызстандағы АҚШ әскери базасы мәселесін қайта қарап шығуға уақыт келді деді Бакиев.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG