Accessibility links

БҰҰ: “Өзбекстан армиясы Әндіжанда адам құқықтарын өрескел бұзды”


ӘНДІЖАН. БҰҰ-ының адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссарының бүгінгі жаңа есебіне қарағанда, 13 мамырда Әндіжандағы халық толқуын басып-жаншу кезінде Өзбекстан армиясы адам құқықтарын өрескел бұзған. Ресми Ташкенттің мәлімдеуінше, Әндіжандағы халық толқуы кезінде ислам экстремистері жергілікті түрмеге шабуыл жасап, тұтқындарды босатып, кепілдікте отырған адамдарды өлтірген. Осы толқуды күштеп басу кезінде, ресми биліктің мәліметі бойынша, 187 адам қаза болды, оның тең жартысын армия жауынгерлері құраған. Ал адам құқын қорғаушылардың мәлімдеуінше, 750-ге жуық бейбіт халық оққа ұшқан. БҰҰ-ы Әндіжанда қанша адамның қаза болғанын тек тәуелсіз халықаралық тергеу ғана анықтай алады деп отыр. Өзбекстан өзінің ішкі тергеуіне халықаралық бақылау орнатуға ғана келісіп, халықаралық тергеу жүргізуге әзірше рұқсат бермей отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG