Accessibility links

Бейрутта Сирияны қолдайтын Ливан министріне қастандық жасалды


БЕЙРУТ. Бүгін Бейрут қаласының іргесіндегі жол бойында жарылыс болып, Ливанның қорғаныс министрі Ільяс Әл-Мурр жараланды. Полицияның хабарлауынша, жол шетінде жарылғыштар орнатылған автокөлік жарылғанға ұқсайды. Жарылғыш Әл-Мурр отырып келе жатқан автокеруен өтіп бара жатқан сәтте іске қосылып, кем дегенде 1 адам қаза болып, көптеген кісі жараланған. Ільяс Әл-Мурр – Ливан президенті Эмиль Лахудтың туысы болып табылады және екеуі де Сирияны қолдайды. Президент пен қорғаныс министрі – Ливанда жаңа үкімет жасақталғанға дейінгі уақытша үкіметтің құрамдас бөлігі болып отыр. Бүгін Сирия бұл қастандыққа наразылығын білдірді.
XS
SM
MD
LG