Accessibility links

Лондонда әлі ондаған адам, оның арасында 30-ға тарта шетелдік турист хабарсыз жоғалғандардың тізімінде қалды


ЛОНДОН. Британ полициясы өткен аптада Лондонда болған жарылыстарға байланысты елдің солтүстік-шығысындағы 5 үйге тінту жүргізіп, әзірше ешкімді тұтқындаған жоқ. Ресми мәлімет бойынша Лондон метросының поездарында 3 жарылыс және 2 қабатты бір автобус жарылып, одан кем дегенде 52 адам құрбан болды. Осы жарылыстардың кезінде хабар-ашырсыз жоғалған әлі ондаған адам, олардың ішінде Франция, Польша және басқа елдерден келген 30-ға тарта турист бар. Ресми билік бұл жарылыстарды ислам экстремистері жүзеге асырды деп есептейді. Ұлы Британияда орналасқан АҚШ әскерилері мен олардың отбасы мүшелеріне қауіпсіздік мақсатында Лондонға бармауға кеңес берілді.
XS
SM
MD
LG