Accessibility links

Ирақ үкіметі шетелдік күштердің “аяқастынан” емес, өзінің шешімі бойынша кеткенін көргісі келеді


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың премьер-министрі Ибраһим Әл-Жафаари шетелдік күштердің елден қашан шығарылатыны туралы Ирақ үкіметінің өзі шешім қабылдауға тиіс деп мәлімдеді. Ол шетелдік күштер Ирақтан террористердің талап-шартымен емес, Ирақ үкіметінің кестесі бойынша шығарылуы керектігін АҚШ президенті Дж.Бушпен және британ премьері Тони Блэрмен талдағанын атап көрсетті. И.Әл-Жафааридің айтуынша, Ирақ үкіметі шетелдік күштердің “аяқастынан” кеткенін емес, үкімет өзінің ішкі қауіпсіздігін қамтамасыз етен алатынана көзі жеткен кезде кеткенін көргісі келеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG