Accessibility links

Баспасөзге шолу. 07.14.2005 жыл

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Мемлекет басшысының күйеу баласы Рахат Әлиевтің Қазақстанға қайтып оралып, Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасары қызметіне тағайындалуы тәуелсіз баслымдардың басты назар аударған тақырыптарының біріне айналыпты. Мұны кейбір басылымдар жақындап қалған президент сайлауымен байланыстырып отыр. Қырғызстанда өткен президенттік сайлау да бейсенбі күнгі жарық көрген басылымдардың басты назарына айналып, ол сайлауға түрлі баға берген мақалалар жарық көріпті.

“Свобода слова” басылымында жарық көрген Гүлжан Ерғалиеваның “Ханзаданың қайтып оралуы” атты мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің Сыртқы Істер Министрінің бірінші орынбасары етіп тағайындалғандығына байланысты сараптама жасалыныпты. Мақала авторының сараптамасына сүйенсек, Президенттің күйеу баласының бұл қызметке тағайындалуының артында қандай жолмен болса да, Нұрсұлтан Назарбаевтың алдағы сайлаудағы жеңісін қамтамасыз ету секілді үлкен саяси мақсат жатыр. Гүлжан Ерғалиева өз мақаласында Рахат Әлиевтің Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып тұрған кезінде, Мұхтар Әблязовтың бизнесін тартып алу үшін оны қудалағандығы туралы деректер келтіріпті. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, Қазақстанның демократиялық таңдауы қозғалысының дүниеге келуіне, Президенттің күйеу баласы Рахат Әлиевтің елдегі бизнесмендерге шамадан тыс қысым көрсетуі себеп болған. Мақала авторының айтуынша, Рахат Әлиевтің арқасында мемлекеттегі элитаның арасындағы теке-тірес, саяси күреске айналып кеткен. Мақалада келтірілген деректерге жүгінсек, Рахат Әлиев тек саяси элитаға ғана емес, өзінің қайын атасы Нұрсұлтан Назарбаевқа да қарсы жұмыс істеген. Осы сөздеріне дәлел ретінде мақала авторы кезінде Нұрсұлтан Назарбаевты қаралайтын мақалалар жарияланып тұрған “Азиопа” сайтының Рахат Әлиевтің көмегінің арқасында шығып тұрғандығы туралы деректер келтіріпті. Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев елші болып жүрген Рахат Әлиевті қайтадан Қазақстанға әкелуі арқылы, оппозицияға қарсы қатқыл қадамдардың жасалатындығын сездіріп, оларға қарсы соғыс жариялағандығын аңғартып отыр.

“Московский комсомолец в Казахстане” басылымында жарық көрген Жанар Бірлікқызының мақаласында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Рахат Әлиевтің Қазақстанға қайтып оралуының елдің ішінде үлкен дүрлігіс туғызғандығы хабарланыпты. Автор өз мақаласында Рахат Әлиевтің Қазақстанға келуіне қатысты әр түрлі болжамдардың жасалып жатқандығына да тоқталып өтіпті. Мақала авторының айтуынша, сондай болжамдардың бірі бойынша, келешекте Рахат Әлиев Сыртқы Істер Министрлігі қызметін басқарып қалуы ықтимал.

“Түркістан” апталығында жарық көрген “Елші елге оралды” атты мақалада оппозициялық көңіл-күйдегі басылымдардың Рахат Әлиевтің қайтып оралғандығына қатты көңіл бөліп отырғандығы баяндалыпты. Мақала авторы мұның себебін 2001 жылғы саяси реформалардан кейін Рахат Әлиевтің шетелге кетуге мәжбүр болғандығымен байланыстырыпты. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, Рахат Әлиевтің Қазақстанға қайтып оралуы, жақындап қалған президент сайлауының додасы болуы да ықтимал.

Қырғызстанда өткен президенттік сайлау да бейсенбі күнгі жарық көрген басылымдардың басты назарына айналып, ол сайлауға түрлі баға берген мақалалар жарық көріпті.

Бейсенбі күнгі жарық көрген “Жас Алаш” басылымы Батыстың “Вашингтон таймс” газетінде жарық көрген мақаланы көшіріп басыпты. Мақалада Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымының төрағасы Дмитрий Рупельдің наурыз айында Қырғызстанда болған демократиялық бұлқыныстарды үлгі етіп алуға кеңес бергендігі хабарланыпты.

Ал, “Экспресс К” басылымында жарық көрген мақалада жаңадан сайланған Қырғызстан Мемлекетінің басшысы Құрманбек Бәкиевтің өз орнында президенттік мерзімі аяқталған уақытқа шейін отыра алатындығына күдік келтіріпті. Газет тілшісінің сараптамасына сүйенсек, жаңадан сайланған Қырғызстанның Мемлекет басшысы Құрманбек Бәкиев та экс-президент Асқар Ақаевтың жіберген кемшіліктерін қайталап отыр.

“Литер” басылымында жарық көрген Игорь Неволиннің мақаласында Қырғызстанда өткен президенттік сайлау барысында әкімшілік ресурстың қолданылғандығы туралы дерек келтіріліпті.
XS
SM
MD
LG