Accessibility links

Бағдадтағы жарылыстан балалар опат болды


БАҒДАД. Хабарларға қарағанда, бүгін Ирақ астанасы Бағдадта бомба қойылған бір көлік жарылған. АҚШ күштері бұл жарылыстан кемінде 7 бала және бір АҚШ сарбазы қаза тапты десе, ал Ирақ ресмилері мерт болғандардың саны одан көп дегенді айтады. Олардың хабарлауынша, Бағдадтағы жарылыстан 24 адам құрбан болған, олардың көбі балалар. Сонымен қатар бүгін Ирақтың шығысында орналасқан бір мешіттің жанында бомба жарылып, екі адам опат болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG