Accessibility links

Британия ішкі істер министрі елде тағы да шабуылдар болуы мүмкін деп ескертті


ЛОНДОН. Британия премьер-министрі Тони Блэр оның үкіметі лангестікке қарсы күресу үшін тезарада жаңа шаралар қолдану мәселесін қарастырады деді.

- Біз қоғамға өшпенділік туғызуға арандатушылық жасайтын адамдардың Ұлыбританияға кіруіне жол бермеу мәселесін, сонымен қатар мұндай адамдарды депортациялау мәселесін тезарада қарастыратын боламыз, - деді Тони Блэр.

Британиядағы бұқаралық ақпарат құралдары жарылыстарға қатысы бар деген күдікпен Британияда туып-өскен төрт пәкістандық адам анықталған деп хабарлады. Лондонда бейсенбі күні орын алған жарылыстардан кемінде 52 адам қаза тапқан. Британия полициясы Лондондағы шабуылдарға қатысы бар деген күдікпен бір адам тұтқындалды деді.

Ал Британия ішкі істер министрі өткен аптада Лондонда орын алған жарылыстарға ұқсаған шабуылдар Британияда тағы да қайталануы мүмкін деп мәлімдеген-ді. Би-Би-Си-ге берген сұхбатында Чарльз Кларк Британия бұл шабуылдарға дайын болуы керек деген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG