Accessibility links

Дисковери ғарыш кемесін бүгін ұшыру жөніндегі жоспарын НАСА сенбіге қалдырды


Инженерлер Дисковери ғарыш кемесінің жанармай өткізетін тежегіштерінің бірінен ақау тапқан болатын. Кешегі жаңалықтарда айтқанымыздай, сәрсенбіде осы кеме терезе жапқыштарының түсіп қалуы себепті ұшу бүгінге қалдырылған еді. Халықаралық Ғарыш бекетіне ұшырылатын бұл сапар 2003-ші жылдан бергі алғашқы қадам болмақшы. Ол жолы Коламбиа ғарыш кемесінің жерге қонар кезде апатқа ұшырағаны белгілі.
XS
SM
MD
LG