Accessibility links

Бағдадта екі жанкешті жауынгер бомбалық шабуылдарды жасады


Бағдадтың аса қатты күзетілетін "Жасыл Аймақ" ауданының бас қақпасында бүгін екі жанкешті жауынгер бомбалық шабуылдарды жасады. Кемінде бір адам қаза тапты, бірнеше адам жараланды. Екі шабуылдың арасы өте қысқа мезгіл алды, құтқарушылар бірінші шабуылдың салдарын жойып жатқанда олардың жанына екінші жанкешті келіп, белбеуіндегі бомбасын жарды. Бағдадта кешегі жанкештілік шабуылда 27 адам қаза тапқан болатын, олардың көпшілігі бала. БҰҰ, және АҚШ әкімшілігі бейкүнә адамдардың өмірлерін қиған шабуылдарға ешқандай ақтау жоқ деді. АҚШ-тың Ирақтағы жаңа елшісі Залмай Қализад бұрынғы диктатор Саддам Хұсаейннің "Баас" партиясымен сыбайлас шетел террористері мен көтерілісшілер азаматтық соғысты қоздырғысы келеді деп ескертті.
XS
SM
MD
LG