Accessibility links

Ресей шетелдерден 900 килограм ядролық отынның қалдықтарын қайтарды


Ресей федералды атом энергетика агенттігі шетелдердегі зерттеу реакторларынан 900 килограм ядролық отынның қалдықтарын әкелдік деп мәлімдеді. Атап айтқанда Сербия, Румыния, Болғария, Лвия, Латвия және Өзбекстанда ғылыми мақсаттарға пайдаланылған ядролық заттар Ресейге залалсыздандырылуға қайтарылды. Басты мақсат – ядролық заттарды террористердің қолдарына түспеуді қамтамасыз ету. 17 елдегі 20 зерттеу орталығында пайдалынылған ядролық отынды Ресейге қайтару жұмысын АҚШ қаржыландырады.
XS
SM
MD
LG