Accessibility links

"Хьюман райтс уотч" Қазақстан үкіметіне жылы сөз айтты


Нью-Йоркте орналасқан "Хьюман райтс уотч" халықаралық ұйымы Қазақстан үкіметіне өзбек саяси босқыны Латфулло Шамсутдиновты еліне қайтармағаны үшін жылы сөз айтты. Қазақстан үкіметі қашып келген адам құқықтарын қорғаушы белсенді Латфулло Шамсутдиновты Өзбекстанға қайтармады, оны Алматы түрмесінен босатып жіберді. БҰҰ Босқындар жөніндегі Жоғары комиссариаты Шамсутдиновке Европаның бір еліне шығып кетуге көмектесті. Мамыр айында Әндіжанда орын алған қанды қақтығастан кейін жүздеген өзбек азаматы көршілес елдерге босып кетті.
XS
SM
MD
LG