Accessibility links

Таяу Шығыс теке-тірестері одан әрі жалғасуда


Израйль тікұшақтары Газа аймағына кем дегенде үш мәрте әуе шабуылын жасаған. Шығындар жөнінде әзірге мәлімет жоқ. Хабарларға қарағанда, бұл шабуылдар Хамас ұйымына қарасты мәдени орталықты және Хан Юнустегі қабірхананы нысанаға алған. Себебі, бұл жерден қарулы топтар Израйль мекендеріне қарай зымыран атуда, дейді хабарлар. Израйль солдаттары сондай-ақ Хамас тобының оқ-дәрі қоймасына да шабуыл жасағандарын айтуда. Осы рейдтерден бұрын, бейсенбі күні Палестина қарулы топтары Израйль ауылына зымырандық шабуыл жасап, бір жас израйльдік әйел қаза болған екен.
XS
SM
MD
LG