Accessibility links

Лондондағы шабуылдар сыры терең зерттелуде


Лондонда шілденің 7-дегі бомбалық шабуылдардан қаза болғандар саны бүгін 54-ке жетіп отыр. Сондай-ақ 700-дей адам жараланған екен. “Шабуылды жүзеге асырғандар” деп күдікке ілінген төрт адамның екеуі жайлы мәліметті Британия полициясы бейсенбі күні жариялады. Олар Пәкістан текті Британияда туылған азаматтар екен. Ол төртеудің үшеуі пәкістан текті Британияда туылғандар, ал төртіншісі- Ямайкада туылған британдық, деген мәлімет айтылуда. Бұларға шабуылдарды жоспарлауға және қаржылай тұрғыда кім көмектесті? деген сауал зерттелуде. Бейсенбі күні Еуропа бойынша миллиондаған адам осы шабуылдарда қаза болғандарды екі минуттық үнсіздікпен еске алысты.
XS
SM
MD
LG