Accessibility links

Кеше Ирақ астанасында АҚШ және Ирақ күштерін көздеген бірнеше көлік бомбасы жарылып, кемінде 30 адам опат болған


Бұл жарылыстан жүздей кісі жарақаттанған. Полиция жанкештілік бомбаның бірі президенті Жалал Талабанидің үйіне қарай өтетін көпір маңында жарылып, үш күзетшіні опат еткенін айтқан. Дегенмен олардың нысанаға алғаны американдық әскери керуен болса керек. Бағдадтың солтүстік жағында екі полиция мерт болған. Әл-Шарат қаласында мотоциклде бомба әкетіп бара жатқан бір адам оны бақылау-өткізу бекетінде жарып, екі ирақ солдатын опат еткен. Машинада кетіп бара жатқан үш адам бұзақылардың көлікке қаратып атқан оғынан қаза тапқан. АҚШ әскерилерінің айтуынша Иордания шекарасына жақын жерде екі американ теңіз жаяу әскері опат болған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG