Accessibility links

Кеше Лондонда шілденің 7-індегі жарылыстан құрбан болған 54 адамның ең алғашқысы - 20 жастағы мұсылман қызы Шаара Исламды жерлеу рәсімі болып өтті


Ол сол күні таңертеңгісін жұмысына кетіп бара жатқан жолда жарылыс құрбаны болғандардың бірeуі ғана. Ал бұл аралықта Египеттің ішкі істер министрі полиция Каирде Лондондағы жарылыстарға қатысы бар деп күдіктелген бір адамды тұтқындады деп айтқан. Ол адам Англияның Лидс қаласында университеттегі биохимик оқымысты, Мысыр азаматы Мағди әл-Нашар деген екен. Лондонда жарылған төрт бомбаның үшеуін шыққан тегі пәкістандық, бірақ Британияда туып-өскен жанкештілер жарды деп күдіктелген болатын. Пәкістан үкіметі Британияның барлаушыларымен ынтымақтаса жұмыс істеуге әзірміз деп, бомба жарылыстарына өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Ал Лондон полициясының комиссары Ян Блэр Британияның мұсылмандар қауымдастығын алдағы уақытта да осындай қимылдарға бармақшы деген күдікті экстремистерді анықтауға көмектесуге шақырды.
XS
SM
MD
LG