Accessibility links

Түркия курортындағы жолаушы көлігінің жарылысынан 4 адам мерт болды


АНКАРА. Түркияның премьер-министрі Реджеп Тайып Эрдоган Эгей теңізі жағалауында орналасқан Күшадасы курортында болған бүгінгі жарылысты “террористік қастандық” деп бағалады. Р.Т.Эрдоган осы қастандық салдарынан қаза болған 4 адамның туғандарына көңіл айтты. Жергілікті биліктің мәліметі бойынша, тағы 14 кісі түрлі жарақат алған. Жарылыс шағын жолаушы автобусында болды. Оның себебі қазір тергелу үстінде.
XS
SM
MD
LG