Accessibility links

Кеше 7 АҚШ жауынгері жараланған Ирақта бүгін 3 ағылшын жауынгері қаза болды


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың оңтүстігінде 3 ағылшын жауынгері қаза тапты. Британдық қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, олар Басра қаласының іргесіндегі Әл-Амара ауылы маңындағы жол бойына көмілген минаға жарылған. Ирақта Англияның 8.5 мыңдық қолы шоғырланған. Ағылшын премьері Т.Блэр:

- Бүгін қаза болған жауынгерлер мен олардың отбасыларына көңіл айтуыма рұқсат етіңіздер. Ирақ пен оның халқы тілеп отырған демократияны орнату жолында біздің қарулы күштеріміз тағы да ерлік көрсетті, – деп, британдықтарға көңіл білдірді.

Бағдадта жұма күні болған бірнеше дүркін жарылыстан кем дегенде 30 адам, негізінен Ирақ жауынгерлері мен полицейлері құрбан болды және 100-ден аса адам, оның ішінде 7 АҚШ жауынгері жараланды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG