Accessibility links

Өлтірілген 20 талибандықтың арасында 5 шетел жауынгері болған


КАБУЛ. Бүгін АҚШ пен Ауғанстан күштері 20 талибандықты, өлтірдік деп хабарлады. Ауғанстан қорғаныс министрінің өкілі генерал Азимидің айтуынша, Талибан жауынгерлері Хост провинциясында орналасқан Ауғанстанның Ұлттық Армия бөлімшелеріне шабуыл жасаған. Ауғанстанның үкімет күштері АҚШ ұшақтарымен бірге көтерілісшілерге қарсы операция жүргізген. Мерт болған 20 талибандықтың арасында 5 шетел жауынгері болған. Олардың үшеуі Шешенстаннан, ал екеуі Өзбекстаннан деді Азими. Сонымен қатар, Пактика провинциясында АҚШ-тың 4 сарбазы жарақат алып, емханаға жеткізілген.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG