Accessibility links

Таяу Шығыста зұлымдық жалғасуда


ИЕРУСАЛИМ. Бүгін Израиль танкілері мен әскерлері Гаазаға жақын жерде жиналуда. Израиль қорғаныс министрінің мәлімдеуінше, егер Палестина билігі көтерілісшілердің Израильге қарсы әрекеттерін тоқтатпаса, онда Израиль Палестина жауынгерлеріне шабуылын бастауы мүмкін. Ал осыдан бір күн бұрын Палестина басшысы Махмұд Аббас көтерілісшілерді бес ай бұрынғы бітімгершілікке қайта оралуға шақырған болатын. Дегенмен, бұл аймақта зұлымдық жалғасуда. Бүгін Палестина жауынгерлері Израильдің Сдерот қаласына шабуыл жасаған. Сонымен қатар, “Хамас” тобының командирі Саид Саям оққа ұшқан. Аталмыш топтың айтуынша Саямды Израиль мергені атып кеткен. Бірақ Израиль әскері бұл оқиғаға орай өз пікірін білдірген жоқ. Сондай-ақ, соңғы күндері “Хамас” тобының жеті мүшесі опат болған.
XS
SM
MD
LG