Accessibility links

А.Шарон: “Израиль палестиндік экстремистерге қарсы кез-келген сәтте соққы бере алады”


ТЕЛЬ-АВИВ. Шамамен 20 мыңға жуық жауынгер мен полиция қызметкері Израиль үкіметінің Газа аймағынан еврей қоныстарын шығару жоспарына қарсы бүгінге жоспарланған наразылық шеруіне бөгет қою үшін елдің оңтүстіне шоғырланды. Наразылық шеруін құмдағы Нетивот қаласынан бүгін бастап Газа аймағындағы еврей қоныстарында аяқтау көзделіп отыр. Израилшь полициясы бастығының айтуынша, полицейлер бүкіл Израильде осы шеруге қатысатын жұрт отырған автобустарды елдің оңтүстігіне жібермей тоқтатып жатыр. Онымен қатар Газа аймағындағы ахуал шиеленісіп тұр. Газа аймағының шекарасында Израиль жауынгерлері мен соғыс техникасы кез-келген сәтте шабуылға шығуға дайын тұр.
XS
SM
MD
LG