Accessibility links

Қазақстан елшілігі Пәкістан армиясы өкілінің қазақ азаматтары туралы мәлімдемесін растамады


ИСЛАМАБАД. Пәкістан армиясының ресми өкілі генерал Шауқат Сұлтанның бүгін мәлімдегеніндей, Ауғанстан шекарасы маңайында жексенбі күні оққа ұшқан қарулы топтың 17 мүшесі түгел Қазақстан азаматтары болып табылады. Бүгін “Азаттық” Радиосына Исламабадтан телефон арқылы берген сұхбатында Пәкістандағы Қазақстан елшілігінің баспасөз-хатшысы Ернұр Тұяқбаев бұл ақпар әлі расталған жоқ, оларды Қазақстан азаматтары деп мәлімдеуге әлі ертерек деп хабарлады.
XS
SM
MD
LG