Accessibility links

Ирақта соңғы 3 тәулікте 120-дан аса адам қаза болды


БАҒДАД. Бүгін Ирақта партизандар жүзеге асырған бірнеше дүркін шабуылдың салдарынан 8 полиция қызметкері мен үкімет өкілдері қаза болды. Полицияның 4 қызметкері Бағдад аудандарында, тағы бар полицей Бағдад жанындағы Таджи елді-мекенінде болған қақтығыста оққа ұшты. Өткен тәулікте автобомбаларды қолданып жасалған шабуылдардан 22 адам құрбан болды, ал сенбі күні осындай қастандықтардан 100-ге жуық кісі қаза тапты.
XS
SM
MD
LG