Accessibility links

Еуроодақтың сыртқы істер министрлері Өзбекстандағы ахуалды назарынан шығармайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінің Брюссельдегі мәжілісінде британ министрі Джек Стро Еуроодақтың сыртқы саясат өкілдері Өзбекстандағы ахуалды назарынан тыс шығармайды деп ескертті. Оның атап көрсетуінше, “Еуроодақтың сыртқы істер министрлерінің Кеңесі Өзбекстандағы ахуалға қатты алаңдайтынын тағы да еске салып, Әндіжандағы қанды оқиғаға тәуелсіз халықаралық тергеу жүргізуге өзбек үкіметінің рұқсат бермей отыруына ащы наразылығын білдіреді”. Бұл жөнінде өз кезегімен Еуроодаққа төрағалық етіп жатқан Англияның сыртқы істер министрі Дж.Стро журналистерге бүгін хабарлады.
XS
SM
MD
LG