Accessibility links

Солтүстік Кореямен ядролық қару мәселесіне байланысты 6-жақты келіссөз келесі аптада жалғасады


СЕУЛ. Солтүстік Кореяның ядролық қаруы проблемасы бойынша 6 жақты келіссөз келесі сейсенбі күні – шілденің 26-сында Қытай астанасы Бейжіңде қайта жалғасады. Ол жайында бүгін Қытайдың сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Конг Куан хабарлады. Солтүстік Корея көп жақты келіссөзге қатысудан осыдан 1 жылдай бұрын бас тартып, осы шілде айының басында келіссөзге қайта оралуға келісімін берген болатын. Келіссөзге Оңтүстік Корея, Қытай, Жапония, Ресей және АҚШ қатысып, олар Пхеньянды ядролық қаруынан бас тартуға үгіттеп көрмекші.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG