Accessibility links

Токио соты жапон шапқыншылығынан жапа шеккен қытайлықтарға өтемақы төлеу туралы шағымдарды қанағаттандырмады


ТОКИО. Жапон соты 2-інші дүниежүзілік соғыс кезінде жапон басқыншылығынан жапа шеккен қытайлықтардың өздеріне өтемақы төлеу туралы шағымын қанағаттандырмай қайтарды. Бұл шағымды 1940-1942 жылдар аралығында Қытайдың екі өлкесінде жапон езгісінен құрбан болғандардың 180 туысы беріп отыр. Токио соты өтемақы туралы құжат - жеке адамдармен арадағы емес, екі мемлекет арасындағы келісім деген уәжбен олардың шағымдарын қанағаттандырмай қайтарды. Соғыс құрбандарындарының туыстары енді Қытай үкіметінен әділдік іздемеуге бел буып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG