Accessibility links

Еуроодақ 2009 жылы ЕҚЫҰ-на төраға болып сайлануы үшін Қазақстан елдегі демократияны жетілдіруге тиіс деп санайды


БРЮССЕЛЬ. Бүгін Еуропа Одағы мен Қазақстан арасындағы Ынтымақтастық Кеңесінің Брюссельдегі кезекті жылдық отырысы өтті. Өз кезегімен Еуроодаққа төрағалық ететін Англияның мемлекеттік министрі Дуглас Александр өз сөзінде:

- Ынтымақтастық Кеңесі Орта Азия аймағымен арадағы серіктестіктің жанжалды болдырмау және даму жолындағы маңыздылығын ерекше атап көрсетеді. Сонымен бірге біз Қазақстанның осы аймақтағы рөлінің арта түсуіне қуаныш білдіреміз, - деп мәлімдеді.

Ол, сондай-ақ, Қазақстан демократияның халықаралық нормаларына лайық болып, алдағы президент сайлауын әділ де ашық өткізуіне Еуроодақтың үміттенетінін атап көрсетті. Қазақстан делегациясын бастап келген вице-премьер Ахметжан Есімов “Қазақстан Еуроодақты барлық саладағы – саясат пен әлеуметтік және экономика саласындағы стратегиялық әріптесі санайды” деп мәлімдеді.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG