Accessibility links

Британ соты халықаралық сот жүйесіне үлгі болатын үкім қабылдады


ЛОНДОН. Бүгін ағылшын соты ауғандардың бұрынғы дала қолбасшысы Фараяди Сарвар Зададты Ауғанстанда 1990-ыншы жылдарда болған азамат соғысы барысындағы зорлық іс-әрекеті үшін 20 жыл мерзімге кесті. Бұл үкім халықаралық құқық саласына үлгі болмақшы. Өйткені бұл Англиядан басқа елде бұзылған адам құқықтары бойынша шығарылған алғаш сот шешімі болды. Британ соты Зададты Кабул-Жалалабад тас жолын қадағалап, сол маңайдағы қышлақтарды аяусыз тонағаны және қолына тұтқынға түскен жергілікті халықты аяусыз жәбірлегені үшін айыпты деп тапты. Билікке тәліптер келген 1998 жылы Задад Ұлыбританиядан “саяси баспана” сұрап, Лондонда шағын дәмхана ашып алды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG