Accessibility links

Я.Кубиш: “Еуроодақтың Орта Азия аймағындағы арнаулы өкілінің мандаты кең әрі кешенді”


ПРАГА. Еуроодақтың Орта Азиядағы арнаулы өкілі Ян Кубиштің айтуынша, оның ең басты міндеті Еуропа мен Орта Азия аймағы арасындағы ынтымақтастықты дамыту, соныман қатар, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Түркіменстанның өз араларындағы қарым-қатынастарды етене жақындату дамыту болып табылады.

- Менің мандатым өте кең әрі кешенді. Менің құзырым (Еуроодақ пен Орта Азияның) ынтымақтастықты өркендетуді мақсат етеді. Сондықтан да мен ынтымақтастық мәселелерін осы аймақтағы әрбір елмен жеке-жеке талдағым келеді және, мүмкіндігінше, аймақтың өз ішіндегі ынтымақтастығын дамытуға көмектеспекшімін, - деді Ян Кубиш.
XS
SM
MD
LG