Accessibility links

Х.Солана: “Украина мен Еуроодақтың өзара ынтымақтастығы “сәтті дамып келеді”


КИЕВ. Украина премьері Ю.Тимошенкомен бүгін Киевте өткізген келіссөзінен кейін Еуроодақтың сыртқы саясат жетекшісі Хавьер Солана Украина мен Еуроодақтың өзара ынтымақтастығы “сәтті дамып келеді” деп мәлімдеді. Ю.Тимошенко өз сөзінде Х.Соланамен Украинаны 25 елден тұратын Еуроодақпен жақындатудың “нақты қадамдарын” талдағанын атап көрсетті. Еуроодақ өкілінің айтуынша, Брюссель Украинаға Молдованың Днестр жағалауындағы “контрабанда бағыты” ретінде танылған өлкесімен арадағы шекара проблемасын шешуге көмектесетінін хабарлады.
XS
SM
MD
LG