Accessibility links

Блэр мен Қарзай терроризм мәселелерін талқылады


ЛОНДОН. Британия премьер-министрі Тони Блэр Ауғанстан президенті Хамид Қарзаймен кездесіп, терроризм мәселелерін талқылады. Британияда орналасқан халықаралық қарым-қатынастарды зерттейтін институт Тони Блэр АҚШ жетекшілік ететін Ирақ пен Ауғанстан соғысын қолдағандықтан Британия терроршылардың нысанасына айналды деген сыни баяндама жариялаған-ды. Осыған орай Британия премьер-министрі былай деді:

- Әрине, терроршылар Ирақ пен Ауғанстанды желеу ретінде пайдаланады. Қыркүйектің 11-де жасалған шабуыл Ирақ соғысынан алдын болған. Олар сол уақытта Американың саясаты мен Израильді сылтауратқан. Терроршылар шабуыл жасауға әрдайым себеп табады, - деді Блэр мырза.

Ал өз кезегінде Ауғанстан президенті Х.Қарзай терроризмге қарсы күресте әлем елдерін бірігуге шақырды.

AzattyqTV

Ресей мен Беларусь

Жұрт неге наразы?

XS
SM
MD
LG