Accessibility links

Ирақ Ата заңы жобасын жасаушы екі адам өлтірілгенімен, ол құжат уақытынан бұрын әзір болмақшы


Жобаны дайындау комитетінің басшысы Шейх Хумамның бүгін айтуынша, жоба Ұлттық Ассамлеяға тамыздың алғашқы аптасында ұсынылатын болады. Ирақ Ата заңы жобасын жасаушы комитеттің Сүнні мұсылмандар мүшелері сейсенбі күні екі әріптесінің өлтірілу себептерінің зерттелуін бүгін өкіметтен талап еткен болатын. Марқұмдардың полиция күштерінің қатаң бақылаудағы жерде оққа ұшулары таңқалыс туындатып отырғандығын олар айтты. 70 орындық мүшесі бар бұл комитеттің 13 Сүнні мүшелері өз жұмыстарын тоқтауды жоспарлауда. Ата заң жобасын жазу ісі тамыз айының ортасына дейін тәмамдалуы тиіс.
XS
SM
MD
LG