Accessibility links

Израиль Газадан еврей қоныстарын шығару жоспарының жай-жапсарын талқылауда


ТЕЛЬ-АВИВ. Израиль үкіметі Газа аймағынан еврей қоныстарын көшіру мен армияны шығару жоспарының жай-жапсарын талқылау үстінде. Бұл жоспарды іске асыру тамыз айына белгіленген. Вице-премьер Эхуд Олмерттің мәлімдеуінше, Газа аймағынан еврей қоныстары мен армияны іс жүзінде шығару ғана елде жаппай наразылықтың бой көтеруіне жол бермейді. Соңғы 3 күннің ішінде бірнеше мың әсіреоңшыл Израиль азаматы шерумен Газа аймағына өтпек болып, полиция оларға бөгет қойды. Ақыр соңында ұйымдастырушылар шеруді доғарып, наразылықтың өзге амалдарын ойластыратындарын мәлімдеді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG