Accessibility links

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысының серіктері мен журналистер Суданда әдепсіздікке тап болды


ХАРТУМ. Бүгін АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райс ханым Хартумда Судан президенті Омар Әл-Беширмен келіссөз өткізді. Оның барысында Суданның қауіпсіздік қызметі К.Райстың серіктері мен журналистерді дөрекі түрде сыртқа шығарып жіберді. Мемлекеттік хатшы, оның өз сөзімен айтқанда, мұндай “әдепсіздікке” деген өз наразылығын жасырмады. Оның ізінше К.Райс Суданның Дарфур өлкесіне аттанды. БҰҰ-ының мәлімдеуінше, 2 жыл бойы жалғасқан азамат соғысында 10-даған мың адам қырылып, 2 миллионнан астам адам босып кеткен Дарфур өлкесінде бүкіл әлемдегі ең ауыр ахуал қалыптасып отыр.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG