Accessibility links

27 жастағы азамат АҚШ президентінің өміріне қастандық жасамақ болғанын мойындады


ТБИЛИСИ. АҚШ президенті Дж.Буштың мамыр айында Тбилисиге сапары кезінде оның өміріне қастандық жасамақ болды деген күдікпен осы сәрсенбі күні ұсталған 27 жастағы Владимир Арутюнов деген азамат осындай әрекет жасағанын мойындады. 10 мамыр күні Тбилисиде Дж.Буш тұрған мінберге қарай қол гранатын лақтырғанын ол республикалық ауруханының дәрігерлеріне айтып берді. Ол жөнінде бүгін Грузияның денсаулық сақтау министрлігі хабалады. Арутюнов пен оның анасы арнайы шара кезінде сәрсенбі күні ұсталды. Ұстау кезінде күдікті қарулы қарсылық көрсетіп, бір құқық сақшысы оққа ұшты. В.Арутюновтың өзі жараланып, ауруханаға түсті.
XS
SM
MD
LG