Accessibility links

Лондонда тағы да төтенше оқиға болып, метроның 3 стансасы дереу жабылды


ЛОНДОН. Британ астанасының төтенше жағдайлар бойынша қызметі әлі анықталмаған төтенше оқиғалардан соң жерасты метросының 3 стансасынан жолаушыларды қауіпсіз жерге жеткізді. Британ полициясының хабарлауынша, метроның 3 стансасы жабылды. Уоррен стрит стансасының жолаушылары түтін шыққанын хабарлады, оған қоса қолдан жасалған бомбаның жарылғаны және атыс шыққаны туралы әлі расталмаған хабар шықты. Қаза болғандар туралы әзірге мәлімет жоқ. Метро жолаушылары дүрлігіп жапа-тармағай қашуға жақын тұрды.
XS
SM
MD
LG