Accessibility links

Ресейдің Новосибирск облысында “Құс тұмауының” вирусы табылды


МӘСКЕУ. Бүгін Ресейдің төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігі хабарлағандай, Новосибирск облысында мыңдаған үй құсы қырылған оқиға тіркеліп, оны зерттеу барысында “Құс тұмауының” вирусы аңғарылды. 2003 жылдан бері бүкіл Азия елдерінде осы дерттен миллиондаған үй құсы қырылған болатын. Әзірше “Құс тұмауының” үй құсынан адамға жұққан оқиғалары сирек кездеседі. Осы сәрсенбі күні Индонезияда құстан осындай дерт жұққан 3 адамның қаза болғаны туралы алғашқы оқиға тіркелді.
XS
SM
MD
LG