Accessibility links

Пәкістан президенті шілденің 7-де Лондонда орын алған жарылыстарды айыптады


ИСЛАМАБАД. Теледидардан сөйлеген сөзінде президент Первез Мушарраф былай деді:

- Біз бұл лаңкестік әрекетті айыптаймыз. Менің ойымша, бұл жарылыстарды жүзеге асырғандарды адам баласы деп айтуға болмайды. Біз терроризмге қарсы күресті қолдаймыз. Терроршыларды жоймағанымызша олармен күресеміз, - деді Пәкістан президенті.

Мушарраф мырза,сондай-ақ, Пәкістан халқын экстремизмнен бас тартуға, лангестікке қарсы күресіп жатқан үкіметті қолдауға шақырды. Хабарларға қарағанда, Пәкістанда Лондондағы жарылыстарға байланысты жүздеген күдікті ұсталған.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG