Accessibility links

Лондон полициясы терроршылар қаланың транспорт жүйесіне жаңа шабуылдар жасап, адамдарды өлтірмекші болған деді


ЛОНДОН. Полиция басшысы Иан Блэрдың айтуынша, бейсенбі күні Британия астанасында орын алған жарылыстар мен шілденің 7-інде болған жарылыстардың тікелей байланысы туралы әзірше ешқандай дәлел табылмаған. Осыдан екі апта бұрын Лондонда 4 жарылыс болған-ды. Жанкештілер жарған бомбалардан кемінде 56 адам қаза тауып, 700-дей кісі жараланған болатын. Сол жарылыстарды тергеп жатқан Иан Блэр бейсенбі күнгі жаңа шабуылдарда жарылғыш заттарды жаруға әрекет жасалған, бірақ олардың кейбірі жарылып үлгермеген деді. Хабарларға қарағанда, бұл шабуылдарда ешкім зардап шекпеген. Транспорт жүйесінің хабарлауынша, Лондон метросының 3 бағыты жабылған.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG