Accessibility links

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс бүгін Ливан астанасы Бейрутке күтпеген сапармен келді


Сапар барысында Райс ханым Ливан ресми тұлғаларымен, оның ішінде сирияшыл бағыттағы елбасы Емил Лахоуд та бар, әңгімелесетін болады. Оның барысында елдің демократиялық бағытта қол жеткізген табыстарымен Райс құттықтамақшы. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолеза Райс бүгін таңертең Израйль өкімет басшысы Ариель Шаронмен кездескен болатын. Кездесу барысында Газа аймағынан Израйль тұрғындарын шығару мәселесі қаралды. Мемлекеттік хатшы сондай-ақ, Палестина елбасы Махмуд Аббаспен сенбі күні кездесетін болады. Хабарларға қарағанда, Райс ханым келесі айда болатын осы үдерісті үйлестіру мақсатында Израйль мен Палестина жақтарының өзара әріптестік орнатуына кеңес берді. Райс ханымның сапары Газа аймағындағы күш қолданулар мен Израйльде мыңдаған шерушілердің еврей тұрғындарын көшіруге қарсы болған әрекеттерімен тұспа-тұс келіп тұр.
XS
SM
MD
LG