Accessibility links

Лондон полициясының айтуынша жанкешті, деп күдікке ілінген адамды метро бекетінде полиция атып өлтірген


Бұл оқиға Лондонның оңтүстігіндегі Стоквил бекетінде орын алған екен. Ол жерден жолаушылар тасу ісі тоқтатылған. Бұл жөнінде егжей-тегжейлі хабарлар болмай тұр. Дей тұрғанмен, Лондон көлік жүйесінің өкілі бұл оқиғаны Азаттық радиосына берген сұхбатында растады. Лондон көлік қатынасы жүйесін нысанаға алып, бейсенбі күні болған жарылыстар үшін жауапкершілікті әл-Қайда ұйымы өз мойнына алып отыр. Бұл жарылыстардан ешкім запа шекпеген.
XS
SM
MD
LG