Accessibility links

Грузия үкіметі АҚШ президентіне қастандық жасады деген күдікпен ұсталған адамға басқа 2 айып тақты


ТБИЛИСИ. Кеше Грузия үкіметі В.Арутюнянға заңсыз қару ұстады және полиция офицерін қасақана өлтірді деген айыптар тақты. 10 мамыр күні АҚШ президенті Дж.Буштың өміріне қарсы қастандық жасамақ болды деген күдік түскен В.Арутюнян өзін полиция тұтқындамақ болған кезде қарулы қарсылық көрсетіп, Грузияның терроризмге қарсы күрес бөлімінің бастығы оның оғынан қаза тапты. Кеше грузин ішкі істер министрлігі В.Арутюнянның Дж.Буш пен М.Саакашвили тұрған мінберге қарай қол гранатын лақтырғанын мойындаған сәтінің бейнатаспасын көрсетті. Алайда, прокуратураның хабарлауынша, қазір ол жауап беруден бас тартып отыр.
XS
SM
MD
LG