Accessibility links

АҚШ пен Ирақ әскерлері көтерілісшілермен қақтығысып, 3 жауынгер мен 3 тұрғын қаза тапты


БАҒДАД. Ирақтағы ахуал әлі күрделі қалпында қалып отыр. Кеше Бағдадта қарулы шабуылдардың салдарынан Ирақтың кем дегенде 4 полицейі оққа ұшты. Самарра қаласында бір жағынан АҚШ пен Ирақ армиясы, екінші жағынан көтерілісшілер қақтығысып қалды. 3 Ирақ жауынгері мен 3 тұрғын қаза болды. Дамаскіде Сирияның сыртқы істер министрінің орынбасары Уалид Әл-Муаллим Ирақ шекарасының маңында сириялық 6 жауынгер, оның екеуі АҚШ әскерінің оғынан қаза болғанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG