Accessibility links

Британ полициясы жұртшылықты 4 күдіктіні ұстауға атсалысуға шақырады


ЛОНДОН. Кеше ағылшын полициясы Лондондағы соңғы жарылыстарды жүзеге асырды деп күдік туғызған 4 адамның суретін жариялады. Лондон полициясының өкілі Энди Хэйман қала жұртшылығын осы күдіктілерді ұстауға атсалысуға шақырды: “Осы ер адамдардың қазір қайда жасырынғанын білген кез-келген адам 999 қызметіне дереу хабарласып, шұғыл түрде полицияны шақыруға тиіс. Жұрттың өзі ол адамдарға жақындамауы керек”.

Одан бұрын полиция Лондон метросында өзінің бұйрығына құлақ аспаған бір адамды атып өлтірген болатын. Қазір оның әлгі күдікті төртеудің бірі емес пе дегенді анықтау үстінде.
XS
SM
MD
LG