Accessibility links

К.Райс: “АҚШ тәуелсіз жаңа Ливан мен оның үкіметін қолдайды”


БЕЙРУТ. Ливан астанасының орталығында кеше болған жарылыстан кем дегенде 7 адам жарақат алды. Ливанның қауіпсіздік қызметінің хабарлауынша, Бейруттың жұрт көп жүретін бір көшесіндегі мейманхананың жанында тұрған автокөлік жарылған. Бұл қастандық АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райстың қысқа мерзімді сапарынан бірнеше сағаттан кейін орын алды. Ливан президенті Эмиль Лахудпен кездесуінен соң Райс ханым: “АҚШ тәуелсіз жаңа Ливан мен оның үкіметін қолдайды”, -деп мәлімдеді. Халықаралық қысымның нәтижесінде таяуда Сирия Ливаннан соңғы 30 жыл бойы тұрған өз армиясын шығарған болатын.
XS
SM
MD
LG