Accessibility links

Мысыр курортындағы 4 жарылыс құрбандарының саны сағат сайын өсіп келеді


ҚАЙЫР. Бүгін түн ортасында Мысырдың Қызыл теңіз жағалауындағы Шарм Аш-Шайх курортында қатарынан бірнеше жарылыс болып, соңғы мәлімет бойынша, кем дегенде 45 адам қаза болды және 150-ге тарта адам жарақат алды. Полицияның мәліметі бойынша, қонақ үйлер мен халық көп баратын сауда орталықтарының маңында бомба орнатылған аз дегенде 4 автокөлік бір мезгілде көкке ұшқан. Құрбандардың арасында Англия, Ресей, Голландия, Кувейт, Сауд Арабиясы және басқа елдерден келген туристер бар. Бомбаның бірі Мысыр президенті Хосни Мүбәрәкке қарайтын вилланың жанында жарылған. Бұл Мысырда соңғы 10 жылдағы ең ірі қанды оқиға болып отыр.
XS
SM
MD
LG